ДДҰ: Йеменде тырысқақ ауруы тарала бастады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Йемен астанасы Санада тырысқақ ауруымен науқастанудың 11 жағдайы тіркелді, деп хабарлады Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) өкілі Омар Салех баспасөз мәслихатында.

Өткен жұмада ЮНИСЕФ ұйымының өкілдері Санадағы балалардың тырысқақ ауруымен науқастанғандығын хабарлаған болатын.

«Бұл науқасты жұқтырды деген 17 жағдайдың 11- расталды. Науқасты жұқтырғандардың барлығы Сана қаласындағы бір ауданның тұрғындары. Әзірге бұл қаладан тыс аймақтарда тырысқақ ауруына шалдыққандар тіркелген жоқ»,-деді Салех. Оның сөзін йемендік бұқаралық ақпарат құралдары таратты.

Ол сондай-ақ сөзінде аурудың әлі кең тарамағанын, яғни эпидемияның әзірге жоқтығын жеткізді. Бұл ретте ДДҰ өкілі аймақта әскери қақтығыстар жалғаса беретін болса аурудың тарай бастауы мүмкіндігін айтып отыр. Өйткені, Йемендегі ауруханалар мен медициналық орталықтардың 55 пайызы қаржыландыру көздерінің жоқтығы мен мамандардың жетіспеушілігіне байланысты толықтай немесе жартылай жұмыс істемей тұр.

Сондай-ақ ол сөзінде, елдің оңтүстік-батысындағы Тайз бен Ходейда провинцияларында 143 адамнан тырысқақ ауруының белгілері байқалмағандығын жеткізді.