Де Ла Хойя боксқа оралып, Головкинмен жұдырықтасуды жоспарлауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алты салмақ дәрежесiнде чемпион болған атақты америкалық боксшы Оскар Де Ла Хойя боксқа оралуды шыңдап ойлап жүргенiн мәлiмдедi. Де Ла Хойя бокстан 2008 жылы Пакьяодан нокаутпен жеңiлгеннен кейiн кеткен болатын.

Осы мәлiмдемеден соң, Оскармен жекпе-жек өткiзудi кiшi Рой Джонс пен Шейн Мозли ұсынды. Бiрақ оған Мозли пен Джонстың сөзiн жеткiзгенде ол күтпеген жауап айтты: «Егер мен боксқа оралсам, оны мен қатты ойлап жүрмiн, онда Головкинмен кездесемiн».