DeepSeek ЖИ-дің жаңа тәжірибелік үлгісін таныстырды
АСТАНА.KAZINFORM - Қытайлық ЖИ әзірлеуші DeepSeek оқытудың тиімділігі мен ұзақ мәтінді өңдеуді жақсартатын соңғы эксперименттік моделін іске қосқанын хабарлады, деп хабарлайды Reuters.
Ханчжоудағы компания Hugging Face әзірлеушілер форумындағы жазбасында DeepSeek-V3.2-Exp моделін «келесі ұрпақ архитектурасына қадам» деп сипаттады.
Негізгі жаңалықтардың бірі - DeepSeek компаниясының Sparse Attention технологиясы, ол есептеу шығындарын азайтады және бірқатар тапсырманың тиімділігін арттырады. Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі мәлімдемесінде DeepSeek сыртқы қызметтерге қосылуға арналған бағдарламалау интерфейсі API бағасының 50% -дан астам төмендегенін жариялады.
Бұл жаңа технологиялық серпіліс бұрын Силикон алқабының және жаһандық инвесторлардың назарын аударған V3 және R1 үлгілері шығарылғаннан бері DeepSeek-тің ең маңызды өнімі болмақ.
Айта кетейік, 2025 жылдың қаңтарында DeepSeek-R1 үлгісі жетекші технологиялық компаниялар акцияларының күрт және қысқа мерзімге құлауына және ЖИ саласына қаржы салу туралы пікірдің асыра сілтеу екені туралы пікірталастың туындауына түрткі болды.
Бұған дейін Қытай ми нейрондарын имитациялайтын алғашқы ЖИ моделін таныстырғаны туралы хабарлаған едік.
Осыған дейін халықаралық көрмеде жасанды интеллектімен жабдықталған қазақстандық «ақылды каска» таныстырылғаны туралы жаздық.