Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ведомствоның атап өтуінше, Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі 114 көрсеткіш арқылы түзіледі. Оның 34-і статистикалық мәліметтер, ал қалғандары орта және ірі кәсіпорындар басшыларының бағалаулары негізінде есептеледі. 144 көрсеткіштен экономикалық дамудың түрлі деңгейлерінде орналасатын әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын 12 бәсекеге қабілеттілік факторын шығарылады. Сонымен рейтинг нәтижелері бойынша Қазақстан өткен жылғы 4,4 орташа балымен қайтадан 50-ші орынға ие болды . Осылайша, Қазақстан даму деңгейі әлдеқайда жоғары елдер тобында орналасты. ДЭФ сарапшыларының бағалауынша, Қазақстанның бәсекелестіктегі артықшылықтары еңбек нарығының тиімділігі ( 15-ші орын, 2013 - 15) және макроэкономикалық орта ( 27-ші орын, 2013 - 23) болып табылады. Қазақстанның ең әлсіз тұсы денсаулық сақтау және бастауыш білім беру ( 96, 2013 - 97), қаржы нарығын дамыту ( 98, 2013 - 103), компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі ( 91, 2013 - 94) және инновациялар ( 85, 2013 - 84) сияқты факторлар бойынша байқалады. Дегенмен бұл рейтингтерде де еліміздің 2-3 саты алға өрлеуі білінеді. Қалған алты фактор бойынша, ДЭФ бағалауына сәйкес, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі орташа деңгейде: институттар 57 (2013 - 55), инфрақұрылым - 62 (2013 - 62), жоғары білім және кәсіби даярлық - 62 (2013 - 54), тауарлар нарығының тиімділігі - 54 (2013 - 56), технологиялық даярлық- 61 (2013 - 57) және нарық мөлшері - 52 орында (2013 - 54).
Айта кетерлігі, ағымдағы жылы рейтингті Швейцария бастап отыр. Одан кейін Сингапур, АҚШ, Финляндия және Германия елдері орналасқан. Дүниежүзілік экономикалық форумның 2014-2015 жылдарға арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде (ЖБИ) бағаланатын елдер саны - 144. Осы жылы рейтингке қайтадан Тәжікстан оралды және Бенин, Босния және Герцеговина, Бруней, Эквадор, Либерия сияқты елдер кірмей қалды.