Байқауда жеңімпаз атанған атыраулық Айзада Жолмағамбетова - бір ұл тәрбиелеп отырған декреттік демалыстағы ана.
«2016 жылы тұрмысқа шығып, 2017 жылы ана атандым. Қазіргі таңда декреттік демалыстамын. Мисс Виртуал конкурсына қатысу арқылы өз-өзіме деген сенімділігім артып, қызықты адамдармен таныстым. Декреттік демалыс, соның ішінде Мисс Виртуал КЗ конкурсы - өзімнің жаңа қырларымды ашуға мүмкіндік берді», - деді конкурс жеңімпазы Айзада Жолмағамбетова.
Айта кетейік, сұлулық байқауының финалы 2018 жылдың 5-19 ақпаны аралығында жасырын интернет-дауыс беру арқылы өткен. Оған Қазақстанның түрлі өңірінен 16 бойжеткен қатысты.