Дельфиндер балаларына ат қояды
17:07, 10 Қараша 2013
АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Қарашаның 1-і мен 3-ші аралығында АҚШ-та 750-ден аса дельфин өз еріктерімен өмірмен қоштасқан. Мұндай мәліметті Мұхитты және атмосфераны зерттеу жөніндегі бас басқарма таратты, деп хабарлады Би-би-си.
Аталмыш оқиға Нью-Иорк пен Флорида аралығындағы жағалауларда орын алған.
Дельфиндерді мұндай қадамға баруға мәжбүр еткен белгісіз вирус болуы мүмкін. Осы вирустың әсерінен олардың милары зақымданатын көрінеді.
2011 жылғы қантар айында зоолог ғалым Лори Марино дильфиндердің сана сезімі тіл үйренуге қабілетті, олар аса маңызды мәселелерді шешу үшін бір-бірімен ақылдасатындығын дәлелдеген болатын. Сонымен бірге дельфиндердің ата-аналары балаларына ат қояды екен. Зоолог ғалымдар, олар - мұхитта өмір сүретін кәдімгі адамдар деген қорытындыға келді.