Жапония метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, Окинава аралының солтүстігінде желдің жылдамдығы сағатына 200 шақырымға жетеді. Көшелерде жол белгілері мен ағаш бұтақтары ұшып жатыр. Кагосима және Окинава префектураларында 260 мыңға жуық тұрғынды эвакуациялау жарияланып, уақытша орналастыру пункттері дайындалды.
Билік өкілдерінің хабарлауынша, қатты желдің салдарынан 70 жастағы үш адам жеңіл жарақат алған.
Наха әуежайы жұма күні жабылып, әуежайдан ұшатын және оған келетін барлық ішкі және халықаралық рейстер тоқтатылды.
Синоптиктердің болжамынша, табиғи апат Шанхайға да жетуі мүмкін. Халқы 30 миллионға жуық қытайлық қалада қатты жел соғып, кей жерлерді су басу қаупі бар.
Бұған дейін Жапонияның Окинава аралына «Бави» тайфуны Жапонияның Окинава жетіп, атмосфералық қысым 950 гектопаскаль болды.