АСТАНА. KAZINFORM – Делидегі Индира Ганди атындағы халықаралық әуежайда 5 келі алтынды заңсыз алып бара жатқан Өзбекстанның екі азаматын кеденшілер қолға түсірді. Оларға қатысты тергеу амалдары басталған. Бұл туралы Дели кеден қызметінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды.
Әуежай кеденінде Дубайдан келген екі Өзбекстан азаматы тексерілгені атап өтілді. Нәтижесінде олардың жалпы құны 3,16 миллион рупий (шамамен 16 665 000 теңге) болатын алтынды заңсыз алып өтпек болғаны анықталды.
Азаматтарды кеденшілер ұстаған. Сонымен бірге, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы