Дели әуежайында екі ұшақ соқтығысты
22:17, 07 Мамыр 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда Дели әуежайында екі жолаушылар ұшағы соқтығысып қалды.
Бұл туралы DNA India хабарлады.
Абырой болғанда, апат салдарынан жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Екі рейс те әуе лайнерлерінің зақымдануынан кейінге қалдырылды.