Дели әуежайында екі ұшақ соқтығысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда Дели әуежайында екі жолаушылар ұшағы соқтығысып қалды.

Бұл туралы DNA India хабарлады.

 Абырой болғанда, апат салдарынан  жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.  Екі рейс  те әуе лайнерлерінің зақымдануынан кейінге қалдырылды.