Дели мектебіндегі қайғылы оқиға: қыспақта 5 оқушы қаза тапты

АСТАНА.  Қыркүйектің 10-ы.  ҚазАқпарат -  Делидегі  мемлекеттік мектептердің  бірінде  балалар  мен  мұғалімдерді   жедел көшіру  шарасы    қайғылы оқиғамен  аяқталды.

 Орын алған қысқа тұйықталу   қатеріне  байланысты    сыныптарды  дереу тастап шығу  туралы    хабарландырудан кейін,  оқушылардың арасында   дүрбелең    орын алған.

Ескі  мектептің  тар дәліздерінде қыспақ   болып,    нәтижесінде  5 қыз  бала қаза болған. Тағы  24 оқушы   түрлі   жарақатпен  ауруханаға түсті,  деп   хабарлайды  ВВС     телекомпаниясы.

Жергілікті    өкімет   оқиғаның мән-жайын тексеруге   тапсырма  берді.   Полиция   мектеп орналасқан  Хажури Хас  ауданын қоршап алды.   Ғимарат жанында       оқушылардың  ата-аналары мен  жергілікті  тұрғындар  жиналуда.