Оқиға жергілікті уақытпен сағат 07.30-да болған. Газ мектептің ішінен емес, онда орналасқан контейнерлік деподан шыққан.
Газдың неден шыққаны әзірге белгісіз. 30 оқушы талып қалып, олардың терісі тітіркенген және бастары айналған. Қазір олардың жағдайы бірқалыпты.
Дели бас министрінің орынбасары Мания Сисодия мәлімдегендей, балалар онымен сөйлесу барысында жағдайларының жақсы екендігін айтқан.