Делиде 4-қабатты үй құлады: төрт адам қаза тауып, ондаған адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістан астанасы Нью-Дели аудандарының бірінде төрт қабатты үй құлап, төрт адам үйінді астында қалды, деп хабарлады РИА «Новости».

Қайғылы оқиға қаланың солтүстік бөлігінде орын алды. Алты зардап шеккен адамды құтқарып үлгерді, алайда, жергілікті биліктің хабарлауынша, құлаған ғимарат үйіндісінің астында тағы да шамамен 20 шақты адам болуы мүмкін.

«Жалпы алты адам құтқарылды. Олар дереу ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жүргізілуде. Үйіндінің астында әлі деп көп адам бар ма деп қауіптеніп отырмыз», - деп мәлімдеді агенттікке Үндістан билігінің өкілі.

Сәуірде Мумбайға жақын Тхане қаласында заңсыз салынған көп қабатты ғимарат құлаған кезде 70-тен астам адам қаза тапқан, ал қыркүйекте Мумбайда бес қабатты тұрғын үй құлап, оның салдарынан 60-тан астам адам көз жұмған болатын.