Ең мықты спортшылар Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға жолдама үшін күрес жүргізуде.
Үшінші жарыс күнінің қорытындылары бойынша, Андрей Могилевский (Астана қаласы) мен Максим Коломоецтен (Қызылорда қаласы) құралған біздің командамыз трапта Олимпиада лицензиясына ие болды. Осылайша бұл спортшылар 2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның атынан шығу құқығын алу үшін іріктеуге қатысады.