Сатьяртхидің өзі қазір шетелде екенін мәлімдеді. Ал, ұрлық сейсенбі күні таңертең, үйде ешкім болмаған уақытта болған.
«Үйдегі есіктің құлпы бұзылған, менің сертификатым мен медальдің көшірмесі, сондай-ақ кейбір заттарды алып кеткен. Біз үйден тағы не жоғалғанын тексеріп жатырмыз», - деді белсенді.
Үндістандық БАҚ-тың ақпаратына сүйенсек, ұрылар үйден бағалы заттар мен электрониканы жымқырып кеткен.
2014 жылы Кайлаш Сатьяртхи пәкістандық құқық қорғаушы Малала Юсуфзаймен бірге әлемдік Нобель сыйлығының лауреаты атанды. Бұл сыйлық Үндістанда балаларды ұрлау мен олардың еңбегін пайдалануға қарсы күрес үшін берілген.