Делиде Хұмаюн кесенесінің жанындағы ғимарат құлап, 6 адам қаза тапты

Фото: NDTV

АСТАНА. KAZINFORM – Үндістан астанасы Делидегі әйгілі Хұмаюн кесенесі жанындағы ғимараттың бір бөлігі опырылып, 6 адам көз жұмды. 

NDTV таратқан ақпаратта хабарланғандай, Делидің Низамуддин ауданындағы мұсылман әулиесінің ғибадатханасына адамдар жұма намазына жиналған кезде ғимараттың шатыры құлаған. 

Оқиға орнында 6 адам, оның ішінде 79 және 35 жастағы екі ер адам және 42, 40 және 40 жастағы үш әйел қайтыс болды. Тағы 12 зардап шегуші ем алу үшін аурухананың травматология бөліміне жатқызылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Үндістандағы ауылды қуатты сел басып, 4 адам қаза тапқанын жазған едік.