Делиді қара түтін басып қалды, 1700-ден астам мектеп жабық

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні Делидегі ауаның ластануынан 1700-ден астам бастауыш муниципалдық мектеп уақытша жабылды, деп хабарлайды үндістандық БАҚ. Қаладағы 1747 мектеп жабылды, оларда 900 мың бала оқиды.

«Жұма күні болған отырыста Дели қаласындағы ауаның шектен тыс ластануынан сенбі күні мектептерді жабу туралы шешім қабылданды, себебі таңғы уақытта қаланы қара түтін жайлайды», - деп мәлімдеді муниципалитеттердің бірінің өкілі Субхаш Арья. Мектептер дүйсенбі күні ашылады, бірақ жағдайға байланысты басқа шешім қабылдануы да мүмкін, деп хабарлады РИА Новости.

29-30 күндері болған Дивали мерекесінде атылған отшашулардан кейін Делидегі ауа сапасы «қауіпті» деп бағалануда.  Ауаның ластану индексі (Air Quality Index, AQI) барлық мониторинг стансаларда 500 бірлік жоғары көрсеткіштер тіркелді.