Delta Airlines әуекомпаниясына тиесілі Boeing-757 жолаушылар ұшағы Жапонияға шұғыл қонуға мәжбүр болды. Жапонияның Нарита әуежайынан Сайпан аралына бағыт алған ұшақтың бортында түтін шыққан.
Елдің көлік және туризм министрлігінің мәліметінше, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің ешқайсысы зардап шекпеген. Қазіргі уақытта мамандар апатты жағдайға не себеп болғанын анықтап жатыр.