Delta Bank директорлар кеңесінің басшысы ауысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Delta Bank» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан қор биржасының сайтында «Delta Bank» АҚ 7 ақпанда өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында қабылданған шешімдерді жария етті.

Күн тәртібіндегі «Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту» мәселесі бойынша, Директорлар кеңесінің төрайымы Г.Н. Шалғымбаеваның уәкілдігі мерзімімен бұрын тоқтатылды; Тілеубаев Нұрлан Сақтапбергенұлы мырза 10.10.2021 жылға дейін директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына сайланды.

Бұған дейін, 2 ақпан күні, Тілеубаевқа банктің ірі қатысушысы статусын иеленуге ҚР Ұлттық банкінің келісім бергенін Delta Bank хабарлаған еді.