«Жеке тұлғалардың қаражаттары, салымдары депоизттерді кепілдендірудің қазақстандық қорымен толықтай жабылады. Соған сәйкес, Delta Bank-тегі азаматтардың салымдары қорғалған. Тарату процедурасы бастала салысымен депозиттерді кепілдендірудің қазақстандық қоры регламентпен бекітілген мерзімде банк-агенттері арқылы барлық қаржыны аударады және азаматтар өз қаражаттарын алады», - деді Данияр Ақышев.
Бұған дейін ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков «Delta Bank» АҚ-ның банктік және өзге де операцияларды жүргізуге, құнды қағаздар нарығында қызмет атқаруға арналған лицензиясының қайтарылып алынуына қатысты БАҚ өкілдерінен түсіп жатқан сауалдарға жауап берген болатын.