«Қазгидромет» мәліметтеріне қарағанда, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде Мәскеу аумағынан келетін циклонның ықпалымен күн құбылып тұрады. Тағы бір аймақтарда өткінші жаңбыр жауады. Мысалы елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінің кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады, күн күркіреп, жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
«Соған қарамастан Жерорта теңізі аумағынан жылы ауа келіп, көптеген өңірлерде ауа температурасы 27 35°С-қа дейін, оңтүстік өңірлерде 35 42°С-қа дейін ысиды»,-делінген хабарламада.