Алдағы тәуліктерде Қазақстан Республикасының басым бөлігі циклонның ықпалында болады.
Найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, дауылды жел соғады.
Еліміздің батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында бұршақ жаууы мүмкін.
22-23 маусымда — еліміздің батысында, 22-24 маусымда — солтүстік-батысында, 22 маусымда — еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады.
Ауа температурасы күндіз еліміздің батысында 25 35°C дейін, шығысында 31 39°C дейін жоғарылайды, еліміздің солтүстік-батысында 22 30°C дейін, оңтүстігінде 30 38°С дейін, оңтүстік-шығысында 25 38°С дейін төмендейді, солтүстігі мен орталығында 23 36°С мен 28 38°С аралығында өзгереді.