Демалыс күндері күн райы қандай болады

Фото: Фото: Александр Павский/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Солтүстік-батыс циклонының әсерінен ел аумағында ауа температурасы айтарлықтай төмендеп, жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады.

Циклон оңтүстік аймақтарға да әсер етеді. Алдағы күндері солтүстік және шығыс аймақтарында жаңбыр жауады, 19 сәуірде қар жауады деп болжанып отыр.

Жаңбыр мен қарға қарамастан ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.

Батыста күн ашық болады, термометр күндізгі уақытта 25-30 градусқа дейін көтеріледі. 

Айта кетелік Қазгидромет синоптиктері 18 сәуірде бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасаған еді