«Барыстар» ұлттық құрама командасы плей-офф кезеңінде Ямайканы 1:0 есебімен жеңгеннен кейін, билік демалыс күнін жариялауға шешім қабылдады. Жалғыз голды қосымша уақытта (100-шы минут) бұрын Манчестер Юнайтед командасында ойнаған қорғаушы Аксель Туанзебе соққан.
Елдің еңбек және жұмыспен қамту министрлігі жеңісті «тарихи» деп бағалап, қосымша демалыс күні азаматтар оны «бірлік, қуаныш және ұлттық мақтаныш атмосферасында» атап өтетініне сенім білдірді.
Бұл елдің әлем чемпионатына екінші рет қатысуы, олар алғаш рет 1974 жылы «Заир» атымен турнирге шыққан.
Киншаса астанасында көп мекемелер, соның ішінде банктер мен дүкендер бір күнге жабылды, бірақ мереке кеш жарияланғандықтан кейбір жұмыс берушілер қызметін жалғастырды.
Жергілікті уақытпен түнгі сағат бір шамасында соңғы сыбызғы үні шыққаннан кейін, Киншаса тұрғындары көшелерге шығып, жеңісті тойлады. Көрермендер эмоцияларымен бөлісіп, құраманың жетістігі елдегі қиын жағдайға қарамастан мақтануға себеп болды деп атап өтті.
Әлем чемпионатындағы алғашқы ойындарын Конго 17 маусымда Португалия құрамасына қарсы өткізеді, онда Криштиану Роналду ойнайды. Сондай-ақ топтағы қарсыластары — Колумбия және Өзбекстан құрамалары болады.
Конго АҚШ, Мексика және Канада қабылдайтын әлем чемпионатының финалына жолдама алған Африканың он командасының бір болды.
Айта кетейік, қазақстандық жас футболшы «Барселона» құрамына қосылды.