Демалыста күн райы қандай болады

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - «Қазгидромет» РМК 14-16 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Кезеңнің басында Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

15 ақпаннан бастап республиканың батысына солтүстік-батыс циклоны ығыса бастайды. Оның әсерінен жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады, жаяу боран соғады, сондай-ақ бүкіл ел бойынша ауа температурасының біртіндеп жоғарылауына себеп болады.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында оңтүстік циклондарының шұңқырымен байланысты атмосфералық фронтальды толқындардың өтуіне байланысты бүкіл кезең бойы жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынмен тұрақсыз ауа райы сақталады. 14–15 ақпанда жауын-шашын болжанады.

Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ болып және тұман басады.

Айта кетелік Қазақстанда наурыз айында күн райы қандай болатынын жазған едік.