Демалыста күн райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 23-25 мамыр күнгі ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform

Еліміздің солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады,  жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. 

Ал шығыс өңірлерде түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр мен қар) сақталады.

23 мамыр күні Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарында жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. 24–25 мамырда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.

Республиканың қалған аумақтарында көбіне жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ел бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыста, шығыста және орталық өңірлерде түнде 1–3 градус үсік жүреді.

Қазақстан бойынша күндізгі ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:

батыста 28… 35°С дейін,
солтүстікте және орталықта 20… 32°С дейін,
шығыста 17… 25°С дейін,
оңтүстікте 22… 35°С дейін,
оңтүстік-шығыста 20… 28°С дейін көтеріледі. 

Айта кетелік бүгін еліміздің барлық қаласында ауа сапасы талапқа сай