«Осымен жаздың жартысы өтті. Министрлер, әкімдер, Президент Әкімшілігінің қызметкерлеріне ешқандай еңбек демалысы жоқ. Өйткені, төтенше жағдай орын алып отыр. Демалыс деген сөзді ұмытыңыздар», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы онлайн өтіп жатыр.
Жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп беруде.
Сондай-ақ отырыста коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылады.