деп хабарлады Астана қаласы Ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, шілденің 19-ында сағат 17.30-да «Самұрық» кинотеатрының алдында «БМВ» көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетеді, онымен қоймай жолдың қарсы бетіне шығып кетіп «Мицубиси» автокөлігімен соғысады. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші түрлі жарақатпен ауруханаға түседі.
Демалыс күндері жол қозғалысын қадағалау барысында жол ережелерін бұзудың 1 092 оқиғасы тіркелді, рульге мас болып отырған 42 жүргізуші ұсталды.