Демалыс күндері Астанада 1 399 адам Жол қозғалысы ережесін бұзған
«1 399 ереже бұзу фактілерінің қатарында жылдамдықты арттыру (142), жолдың қарсы бағытына шығып кету (30), жаяу жүргіншілер өтпесін кесіп өту (27), автомобиль басқарып отырып, ұялы телефонмен сөйлесу (106), жол үстіне қоқыс тастау (209), қауіпсіздік белдігін тақпау (139), сондай-ақ, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы (160) бар», - делінген хабарламада.
Еске салайық, биылғы жылдың 23 және 24 ақпаны күні жасалған осындай тексерулердің нәтижесінде Астана қаласының жол полициясы қызметкерлері 1 306 жол қозғалысы ережесін бұзуды анықтаған болатын.
Қалалық Жол полициясы қызметкерлері «Әкімшілік құқық бұзу туралы» ҚР Кодексінің 473 бабына сәйкес «Жаяу жүргіншілер және басқа да жол қозғалысына қатысушылардың қозғалыс ережесін бұзуына» 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (8 655 теңге) айыппұл салу қарастырылғанын, жүйелі түрде ереже бұзушылық 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (25 965 тг) айыппұлмен немесе үш тәулікке әкімшілік қамауға алуға жазаланатынын ескертеді.