Демалыс күндері Астанада 35 мас жүргізуші ұсталды - Жол полициясы
16:06, 23 Қаңтар 2012
АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Өткен сенбі және жексенбі күнгі демалыстарда Астанада рөлге мас күйінде отырған 35 жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды қалалық Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.
«Демалыс күндері жол полициясы қызметкерлері жолдағы қауіпсіздікті бақылау кезінде жол-көлік ережелерін бұзудың 1158 фактісін анықтады. 35 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды», - делінген хабарламада.
Белгіленген көрсеткіштен жылдамдықты асырғаны үшін 125 көлік жүргізушіге әкімшілік хаттамалар толтырылса, 16-сына жолдың қарсы бағытына шығып кеткені үшін әкімшілік шаралар қолданылды. Тағы 50-іне қозғалыс кезінде ұялы телефонмен сөйлескені үшін айыппұлдар салынды. 38 көлік айып тұрағына жеткізілді.