«Демалыс күндері жол полициясы қызметкерлері жолдағы қауіпсіздікті бақылау кезінде жол-көлік ережелерін бұзудың 1158 фактісін анықтады. 35 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды», - делінген хабарламада.
Белгіленген көрсеткіштен жылдамдықты асырғаны үшін 125 көлік жүргізушіге әкімшілік хаттамалар толтырылса, 16-сына жолдың қарсы бағытына шығып кеткені үшін әкімшілік шаралар қолданылды. Тағы 50-іне қозғалыс кезінде ұялы телефонмен сөйлескені үшін айыппұлдар салынды. 38 көлік айып тұрағына жеткізілді.