Астанада алдағы күндері көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жаумайды. Түнде ауа температурасы 6 10°C, күндіз 18 23°C болады.
«Сенбі күні Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Батыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 6 8°C, күндіз 18 20°C болады», - деп хабарлайды «Қазгидромет».
Жексенбі күні барлық астаналықтар білім күнін атап өтеді, күн жылы, жауын-шашынсыз болады.
«Ертең елордада күн ала бұлтты болады, жаңбыр жаумайды. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 8 10°C, күндіз 21 23°C болады»,- делінген ақпаратта.