Демалыс күндері Астанада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болады

АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат - Апта бойы ауа райы жылы, жауын-шашынсыз болды. Алдағы күндері өткінші жаңбыр жауады деп күтілуде. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Астанада демалыс күндері көшпелі бұлт шығады, аздап жауын-шашынды болады. Түнде ауа температурасы -3 5°C, күндіз 3 5°C болады.

Сенбі күні елордада күн бұлтты, жауын-шашынды болады. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы күндіз және түнде 3 5°C болады.

«Жексенбі күні көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде температурасы -1-3°C, күндіз 3 5°C болады»,- деп болжайды синоптиктер.