Астанада демалыс күндері көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде -15;-11°C, күндіз -8;-4°C деңгейіне жетуі ықтимал.
Сенбі күні елордада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -13-15°C, күндіз -6-8°C.
«Жексенбі күні елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -11;-13°C, күндіз -4-6°C болады», - деп болжайды синоптиктер.