Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.
Оқиғалардың бірі сенбі күні Сарыарқа ауданы, Өндіріс тұрғын алқабындағы жер үйлердің бірінде болды. Ауруханаға 33 жастағы әйел мен 1 және 3 жасар екі сәби түсті.
Жексенбі күні қатты отынға арналған пештің ақауынан тағы бір отбасы зардап шекті. Сарыарқа ауданы, Көктал-1 кентіндегі жекеменшік үйлердің бірінің 34, 13 және 10 жастағы тұрғындары медициналық көмек көрсетілу үшін ауруханаға жеткізілді.