Сәуірдің 6-сы күні Елордада көшпелі бұлт шығып, тұман болады, күн жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан тұрған жел оңтүстік-батысқа ауысып, 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 0... 2°С, күндіз 6... 8°С.
7-ші сәуір күні көшпелі бұлт шығып, жауын жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып 7-12 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 0... 2°С, күндіз 3 5°С.
Ал, 8 сәуір күні көшпелі бұлт шығып, жауын шашын күтіледі. Батыстан соққан жел бағытын өзгертіп оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен еседі. Ауа температурасы түнде 0...-2°С, күндіз 3 5°С күтіледі.