Демалыс күндері Астанада жол ережелерін бұзған 1428 жүргізуші ұсталды

АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Өткен демалыс күндері Астананың жол полицейлері Жолда жүру ережелерін бұзған 1428 жүргізушіні колға түсті.

Бұл туралы қалалық Жол полициясы басқармасынан хабарлады.

Соның ішінде 15 жүргізуші көлікті мас күйінде айдағаны үшін, 23-і - жолдың қарсы бетіне шығып кеткені үшін, 74-і қозғалыс кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін тоқтатылды. Сондай-ақ, межелі жылдамдықты асырғаны үшін 37 азаматқа әкімшілік хаттамалар толтырылса, 18 автокөлік айып тұрағына жеткізілді.