27 қазанда: сағат 10:00-де паралимпиадалық жаттықтыру орталығында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ІІ қалалық спартакиада өтеді.
Жастар сарайында сағат 12:00 және 15:00 мәскеулік «Ми-ми-мишки» ұзын бойлы қуыршақтар шоуы болып өтеді. «Астана» концерт залында Н. Тілендиев пен Ш. Қалдаяқовтың шығармашылықтарына арналған «Ұмытылмас әндер» концерті өтеді.
Алдағы жексенбі күндері ең айтулы оқиға КТК болмақ, оған «Казахи», «Радио свобода», «Азия микс» және «Уездный город» командалары қатысады. Кеш ЭКСПО-дағы Конгресс орталықта сағат 19:00 басталады.
28 қазан: сағат 10.00-де Жастар сарайында IV «Музыкальный фейерверк» халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы фестивалі өтеді, сағат 17:00-де «Барыс Аренада» «Барыс» ХК - «Сибирь» ХК командалары арасында ойын болады.
«Астана Опера» залында сағат 18:00-де Қазақ ССР және СССР халық әртісі Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әлібек Дінішев «Люблю тебя, мой край родной» концертін көрермендерге тарту етеді.