Демалыс күндері ауа райы қандай болады

АСТАНА.ҚазАқпарат - 19-21 тамыз күндері Қазақстанда күн райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте нөсер жаңбырмен қатар, бұршақ жаууы мүмкін. Ел аумағында жел күшейеді.

Температуралық фонға келетін болсақ, солтүстікте ауа бағамы күндіз 20-25 градусқа дейін төмендейді, елдің қалған аумағында өзгеріс күтілмейді», - делінген синоптиктердің мәліметінде.