«Ылғал қоры мол солтүстік циклон жақын күндері бұлтты және күзге тән салқын ауаны алып келеді. Қазақстанның барлық дерлік өңірінде күн күркіреп, жаңбыр жауады.
Батыс, солтүстік, орталық, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.
Ауа температурасы елдің көп бөлігінде күндіз 10-20 градус жылы болса, шығыс, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 20-30 градусқа дейін ысиды.