Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Атап айтқанда, жексенбі, 26 мамыр күні Жамбыл облысының Мойынқұм ауылының маңындағы суару арығына 5 жасар бала құлап кетіп, тұншығып қалды. Бүлдіршіннің денесін судан жергілікті тұрғындар шығарды.
Сондай-ақ 25 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан облысы Біртілек ауылының аумағында орналасқан «Ошақты» арығына шомылу барысында 12 жастағы жасөспірім суға кетті. Баланың денесін бір тәуліктен кейін ауылдың тұрғындары тапты.