«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметі бойынша, демалыс күндері Қазақстанның көптеген облыстарының ауа райын антициклондар анықтайтын болады. Соның әсерінен күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Бірақ түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түсіп, көрініс 200-500 метрге дейін шектелуі мүмкін.
Ауа температурасы климаттық нормадан 4-7ºС жоғары болады деп күтіледі. Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысы алдағы үш тәулікте бұрынғысынша, циклондардың ықпалында болады. Көбіне аздаған қар түсіп, тұман, көк тайғақ болып, ауа температурасы нормадан 1-3ºС төмен болады деп күтілуде.