«Батыс Сібірде орналасқан циклонның артынан арктикалық ауа ағындары өзімен бірге суық және ылғалды ауа массаларын әкеледі. Олар республика аумағы арқылы жылжығандықтан, солтүстік облыстарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ екпінді жел соғып, ауа температурасы төмендейді», - делінген Қазгидрометтің хабарламасында.
Қазақстанның қалған аумағында таулы аймақтарда жаңбыр жауады. Ауа температурасы көптеген облыстарда климаттық нормадан 2...4°С төмен болады.