Демалыс күндері еліміздің солтүстігінде үсік жүруі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 2017 жылғы 13-15 маусымға арналған ауа-райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан арқылы бірінен кейін бірі көшкен суық атмосфералық ағындар, құбылмалы ауа-райына себепші болып, кей жерлерде жаңбыр, найзағай, қатты екпінді жел мен бұршақ әкелуі мүмкін. 
Ресейдің еуропалық орталық аудандар бөлігінен ылғалды және суық ауа массалар келетіндіктен республикамыздың оңтүстік жартысында ауа температурасы 4-7ºС қалыпты нормадан  жоғары болады, ал еліміздің солтүстік жартысында температура 2-4ºС түсіп әдеттегіден төмен болады.

Сондықтан, республикамыздың солтүстік-батысында  жақын тәуліктерде, солтүстікте жексенбі және дүйсенбі күндері түнгі уақыттарында үсік жүруі ықтимал.