25-27 тамыз аралығында оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсер болады, ауа температурасы салқындайды. Егер өткен аптада Қазақстандағы ауа райының температурасы көпжылдық көрсеткіштен 3-10º жоғары болса, осы демалыс күндері ол көрсеткіштер 3-5º төмендеді.
Алдағы үш күнде Орал мен Батыс-Сібір аумақтарынан ығысып келген суық атмосфералық фронттардың әсерінен, еліміздің барлық дерлік аумақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, 13-20 м/с екпінді жел соғады, ауа температурасы сол мезгілдерде климаттық өлшем бойынша 3-6º төмен күйінде сақталады.