Атап айтқанда, 8 маусым күні түнде құтқарушылар Қапшағай су қоймасының солтүстік-батысында 1998 жылы дүниеге келген әйелді тауып алып, жағалауға жеткізді.
Ол 7 маусым күні үрмелі қайықпен балық аулауға шыққан. Қатты жел қайықты жағалаудан жыраққа алып кеткен. Балықшы медициналық көмекті қажет еткен жоқ.
Ал Шығыс Қазақстан облысында 3 балықшы құтқарылды. Олар жеке құтқару құралынсыз үрмелі қайықпен балық аулау үшін жағалаудан 2 шақырым қашыққа барған. Балық аулау кезінде үрмелі қайықтың желі шығып суға бата бастаған.
Абырой болғанда құтқарушылар дер уақытында жетіп, балықшыларды «Мыс доброй Надежды» демалыс базасына жеткізді. Олар да медициналық көмекке жүгінген жоқ.