Баспасөз қызметінің атап өтуінше, 21-22 мамыр күндері жол полициясы қызметкерлері 1080 түрлі дәрежедегі жол ережесінің бұзылуын анықтаған. 30 жүргізуші автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталса, 119 адамға белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
Аталған кезеңде жол қозғалысының қарсы бетіне шығып кетудің 13 фактісі тіркеліп, 19 азамат көлікті құжатсыз басқарған және 65 жүргізуші рөлде отырып ұялы телефонды пайдаланған. Сонымен қатар 31 автомобиль айыптұрағына қойылды.