Елорда әкімдігінің мәліметіне сәйкес, қалада 4 травмпункт пен емханалардағы 20 травматологиялық кабинет көмек көрсетеді. Атап айтқанда, № 1 қалалық аурухананың трамвпункті Есіл ауданының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Орталық жол ауруханасының жарақат пункті – Сарыарқа ауданының тұрғындарына арналған. Ал Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты Алматы және Байқоңыр аудандарына қызмет көрсетеді. Бұл ретте, балалар үшін № 2 қалалық балалар ауруханасының жарақат пункті жұмыс істейді. Емханалардың жұмыс уақыты 08-ден 20:00-ге дейін. Бұл мекемелердің көмегіне пациенттер тұрғылықты жері бойынша жүгіне алады (анықтамалық ақпарат «109» телефон нөмірі арқылы).