Жәрмеңке «Қазақстан» спорт кешені аумағында, Сауран көшесі, 7А мен 5-үйдің арасындағы алаңда, сондай-ақ Қосшығұлұлы көшесі, 14-үй мен 189 көше, 5-үй аумақтарында өтеді.
Онда Нұр-Сұлтан қаласының, Қарағанды облысы Абай ауданының, Ақмола облысының, Қостанай облысы Арқалық қаласының және өзге де өңірлердің шаруашылықтары өз өнімдерін ұсынады. Келушілер жеміс-көкөніс өнімдерін, ет (сиыр еті, жылқы еті, қой еті), нан-тоқаш өнімдерін, Таразда жасалған шұжықтарды, Атыраудан жеткізілген жаңа мұздатылған балықтарды және тағы басқаларын 10-15% арзан бағамен сатып ала алады.
«Барлық жәрмеңкеде тексеру таразысы орнатылады. Ал мұндай іс-шаралардың жұмысын жетілдіру үшін әрбір келуші өз пікірін шағымдар мен ұсыныстар кітабына жазып қалдыра алады. Сонымен қатар, әкімшілер сапалы қызмет көрсетуді қадағалау мақсатында сауда қатарларын аралап жүретін болады», - деді әкімдіктен.