Демалыс күндері елордада көлігін мас күйінде басқарған 29 жүргізуші ұсталды

АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері елорданың жол полициясы қызметкерлері Жолда жүру ережесінің 1441 рет бұзылғандығын анықтады.

Астана қалалық ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, 21-22 сәуір күндері көлігін мас күйінде жүргізген - 29, пайдаланылған газдың нормасы шамадан тыс асатын көлікті басқарған - 97, қозғалыс барысында жол үстіне қоқыс тастаған - 295 жүргізуші ұсталды. Тағы 22 азаматтың көлігі айып тұрағына қойылды.